Банк басшылығы
Банк командасы
Айбек Қайып
Айбек Қайып
Басқарма Төрағасы

Қайып Айбек 2010 жылы Ұлыбританиядағы Дарем университетін (Durham University) бітіріп, «Экономика» бакалавры дәрежесін алған, 2014 жылы Лондон экономика мектебінде (London School of Economics and Political Science) қаржы және бухгалтерлік есеп саласындағы магистр дәрежесін алған.

Кредиттік және инвестициялық ұйымдарда 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. HSBC Bank Kazakhstan жаһандық банкинг бөлімшесінде сараптаушы болып еңбек жолын бастаған. Бұдан әрі еңбек жолын қазақстандық Сбербанк және Ordabasy Group компанияларында жалғастырған. 2018 жылдан бастап инвестициялық портфельді басқару бойынша компания, First Heartland Capital басқарма төрағасының қызметін атқарды.

Бұрын Jýsan Bank-тің басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарған және проблемалық берешектермен жұмыс істеу жөніндегі қызметті қадағалаған.

Асқар Хамидуллин
Асқар Хамидуллин
Басқарма төрағасының орынбасары - басқарма мүшесі, қаржы директоры

Қаржы блогының қызметін қадағалайды.

2004 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Бухгалтерлік есеп және ақпараттық жүйе» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген. 2005 жылы «Қаржы талдауы бойынша іскерлік әкімшілендіру» магистрі дәрежесін алған.

Банк саласында 14 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Еңбек жолын HSBC Bank Kazakhstan Қаржылық бақылау департаментінде бастаған. Кейін ABN AMRO Bank Kazakhstan, RBS Kazakhstan және Citibank Kazakhstan-да жұмыс істеген.

Jýsan Bank-ке келгенге дейін First Heartland Bank-те қаржы бөлімшесінің қызметін қадағалаған.

Мирас Шайхысламов
Мирас Шайхысламов
Басқарма төрағасының орынбасары - басқарма мүшесі

ШОБ (шағын және орта бизнес) пен корпоративті кредиттеу блогын қадағалайды.

Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (KIMEP), бизнес- әкімшілендіру бакалавры, мамандандырылуы - қаржы. 2014 жылы Королева Мария (Queen Mary University London of) Лондон университетінде қаржы және бухгалтерлік есеп магистрі дәрежесін алған.

Қаржы секторында 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Еңбек қызметін Deloitte компаниясында аудитор қызметінен бастаған. Қаржы институттарында жұмыс істеп, онда корпоративті кредиттер мен ШОБ жұмысын басқарған. Ordabasy Group-те корпоративтік қаржы мен қазынашылық бойынша директор лауазымын атқарған.

Бұрын Jýsan Bank-тің басқарушы директоры лаузымында жобалық талдау мен әдіснама бөлімшелеріне басшылық еткен.

Ғалия Маханова
Ғалия Маханова
Басқарма төрағасының орынбасары - басқарма мүшесі

Операциялық блоктың қызметін қадағалайды.

Банк операцияларының бухгалтерлік есебі саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Қазынашылық операциялардың есебіне, кастодиалдық қызметке, құжаттамалық операцияларға, төлемдерге, валюталық бақылауға, картотекаға және басқа да қызметтерге жетекшілік еткен.

Оның қаржы құралдарының бухгалтерлік есебі және қаржы есептілігінің халықаралық стандарттары саласында, сонымен қатар банк операцияларын жүргізуді автоматтандыру және оңтайландыру мәселелері бойынша терең білімі бар.

Jýsan Bank-ке келгенге дейін First Heartland Bank-те операциялық қызметті қадағалаған.

Әлімжан Әлмәмбетов
Әлімжан Әлмәмбетов
Басқарма төрағасының орынбасары

Жеке тұлғаларға қызмет көрсету және IT блогының қызметін қадағалайды.

Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (KIMEP), бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы Judge Business School, University of Cambridge іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алған.

Мұнай-газ және телекоммуникация саласында 15 жылдық жұмыс тәжірибесі бар.

Jýsan Bank-ке келгенге дейін Теle2 Kazakhstan және Алтел компанияларында басқарма мүшесі лауазымында қызмет атқарған.

Владислав Ежов
Владислав Ежов
Басқарма төрағасының орынбасары

Стратегиялық даму және контроллинг блогының қызметін қадағалайды.

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, қаржы және кредит факультетін бітірген. Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін, Executive МВА – бағдарламасын аяқтаған.

Қаржы саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. ҚР Қаржы министрлігінде қатардағы маманнан департамент директорының орынбасарына дейінгі еңбек жолынан өткен. ҚР Президентінің Әкімшілігінде және ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде жұмыс істеді. Маркетингтік және аналитикалық зерттеулер орталығы мен Ұлттық аналитикалық орталықта басшылық қызметтер атқарды.

Jýsan Bank-ке келгенге дейін Назарбаев Университетінің атқарушы вице-президенті қызметін атқарған.

Банк басқармасы
Шигео Катсу
Шигео Катсу
Директорлар кеңесінің төрағасы

Назарбаев Университетінің Президенті, Назарбаев Зияткерлік мектептері қамқоршылық кеңесінің төрағасы және Назарбаев қоры қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып табылады.

2010 жылдың желтоқсан айынан бастап Назарбаев Университетін басқарады. Бұған дейін 30 жыл бойы Дүниежүзілік банкте (World Bank) басшылық қызмет, соның ішінде Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша Вице-президент лауазымын атқарған. Ол Орталық Азия, Шығыс Еуропа және Африка елдерінің банктік жүйесінің институционалды реформалары және қайта жаңартылуы бойынша жауапкершілік жүктелген басшылық лауазымдарында қызмет атқарып, Қытайда қаржы секторын реформалаумен айналысқан.

Ербол Орынбаев
Ербол Орынбаев
Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары

М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құқық магистрі, Дьюк университеті жанындағы Сэндфорд мемлекеттік саясат мектебінің (АҚШ) халықаралық экономикалық даму магистрі. Мемлекеттік және жеке сектордағы жұмыс тәжірибесі мол. Әр кезеңде ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ҚР Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі, Халықаралық қайта құру және даму банкінің басқарушы директоры лауазымдарында қызмет атқарып, ҚР Ұлттық банкі және Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармаларының мүшесі болған.

Болат Жәмішев
Болат Жәмішев
Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор

Қаржы саласындағы басқару тәжірибесі мол, ҚР Қаржы министрлігін (2007-2013 жж.), ҚР Өңірлік даму министрлігін (2013 - 2014 жж.) басқарған, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің төрағасы (2004-2006 жж.) лауазымында қызмет атқарған, экономика ғылымдарының кандидаты, қаржы және банк саласы бойынша 40-тан астам ғылыми жарияланымның авторы болып табылады. Қазіргі уақытта «Қазақстан Даму банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

Евгений Пан
Евгений Пан
Директорлар кеңесінің мүшесі

Инвестициялық банкинг және активтерді басқару саласында 10 жылдан астам уақыт қызмет атқарып келеді. Ол зейнетақы қорларында, брокерлік және инвестициялық компанияларда басшылық қызмет атқарған. Қазіргі уақытта First Heartland Securities басқарма төрағасы болып табылады.

Дәулет Қабылбаев
Дәулет Қабылбаев
Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор

Банк саласында 10 жылдан астам уақыт жұмыс тәжірибесі бар. Альянс банкте және Нұрбанкте басшылық қызмет атқарған.

Сондай-ақ 4 жылдай Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгінiң «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК-да департамент басшысы болған.

First Heartland Capital және Jýsan Invest Директорлар кеңесінің мүшесі және тәуелсіз директоры болып табылады.

Қате орын алды
Техникалық себептерге байланысты сіздің өтінішіңізді қазір қабылдау мүмкін емес, кейінірек әрекетті қайталаңыз.
Өтінім қабылданды
Рақмет, сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізбен жақын арада хабарласады
Важная информация о работе Jýsan Bank в период ЧП
Толығырақ